Құтқарушылар жүкті әйелді перзентханаға шұғыл жеткізді
01.02.2025 01:30
Фото:
©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3
Ұлытау облысында кенеттен денсаулығы сыр берген әйел дереу перзентханаға жеткізілу керек болған. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты жедел жәрдем көлігі жолда тұрып қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға республикалық маңызы бар Жезқазған-Петропавл автожолында Қорғасын ауылының маңында болған. Медицина мамандарынан құтқарушыларға жүкті әйелді тасымалдауға көмек қажет екені туралы хабарлама келіп түскен.
Дереу жолға шыққан құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, науқасты тез арада өтімділігі жоғары техникамен Жезқазған қаласына ауруханасына жеткізді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

