Төтенше жағдайлар министрлігі

Құтқарушылар жаппай қан тапсырды

Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» қайырымдылық акциясы жалғасуда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Иг іс аясында Батыс өңірінің құтқарушылары жаппай қан тапсыру шарасын ұйымдастырды. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қан тапсыру іс-шарасы - адам өмірін сақтап қалуға бағытталған игі істердің бірі. Құтқарушылар бұл бастамамен қоғамға үлгі көрсетіп, бір тамшы қанның мың тағдырды құтқара алатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.