Жаңалықтар

Құтқарушылар зейнетке ерте шығады

Құтқарушылар зейнетке ерте шығады
Фото: gov.kz 07.04.2023 10:56 524

Елімізде құтқарушылардың зейнетке шығу жасы қысқарады. Бұл туралы үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Құтқарушылардың зейнет жасына келсек, қазіргі таңда Төтенше жағдайлар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге құтқарушыларды азаматтық қызметшілер санатынан азаматтық қорғаныс санатына өткізу мәселесін пысықтап жатыр", -  делінген жауапта.

Осы ретте құтқарушылардың зейнетке шығу жасы қысқармақ.

"Аталған өзгеріс құтқарушыларды әлеуметтік кепілдендіру шараларын жетілдіреді. Оның ішінде еңбек өтілі бойынша (25 жыл) немесе шекті жасқа (48 жас) жетуіне байланысты зейнетке шығуға құқық береді. Сондай-ақ, құқық қорғау органы қызметкерлеріне берілетін өзге де жеңілдіктер ұсынылады", - деп жазады премьер-министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға