Құтқарушылар тұрғын үйдің жертөлесінде қалған мысықты құтқарды
12.01.2025 17:24
Фото:
ТЖМ
Бүгін "112" қызметіне мысықтың үйдің үш метр тереңдіктегі жертөлесіне құлап, өздігінен шыға алмай жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе қаласында Есет батыр көшесінде жедел-құтқару жасағының құтқарушылары «Мурка» атты британдық мысықты құтқару операциясын сәтті өткізді. Үй жануарын тұтқыннан алып шығып, алғыс білдірген иесіне аман-есен табыстады.
