Алматыда құтқарушылар тауда адасқан тағы бір ер адамды тапты, деп хабарлайды El.kzақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, 23 тамызда Іле Алатауы Қарғалы өзенінің бойында Үшқоңыр және Жайлау шатқалдарының арасында 3 адам демалып жүрген.
Олардың біреуі - 1991 жылы туған ер адам өзен бойымен жоғары көтерілуге бел байлап, қайта оралмаған. Келесі күні достары құтқарушылардың көмегіне жүгінді.
ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының тобы оқиға орнына жедел келіп, тәуліктің қараңғы уақытына және дауылды желге қарамастан туристі іздестіруге кірісті. 12 сағаттық іздестіру жұмыстарынан кейін 25 тамызға қараған түні құтқарушылар ер адамды тапты, - делінген мәліметте.
Құтқарылған адам медициналық көмекке мұқтаж болмады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

