Құтқарушылар Таразда 10 жастағы балаға көмектесті
Тараздағы Қарасу шағын ауданында 10 жасар баланың саусағына пластикалық бұйым қысылып қалғаны және оны ата-анасы өз бетімен ала алмай жатқаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетіп, арнайы құралдарды қолдана отырып, пластикалық затты мұқият кесіп, баланың саусағын босатты. Балаға медициналық көмек қажет болған жоқ.
Сонымен қатар бүгін тағы бір оқиға тіркелді. 112 пультіне Көкшетау қаласында Абай көшесіндегі бес қабатты жатақхананың екінші қабатындағы бөлмелердің бірінде 1959 жылы туған егде адамның тұрғаны туралы мәлімета берілді. Оқиға орнына ТЖМ кезекші ауысымы дереу жетіп, бөлме иесімен байланыс орнату мүмкін еместігін ескеріп, кіреберіс есікті ашу туралы шешім қабылдады.
Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттері мен арнайы құралдарды қолдануының арқасында бөлмеге кіруге мүмкіндік туды. Егде адам аман-есен құтқарылып, оқиға орнына келген жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылған.
Бұл оқиғалар ТЖМ құтқарушыларының жеделдігі мен кәсібилігін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр. Олар төтенше жағдайға тап болған әрбір азаматқа уақтылы көмек көрсетіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жалғастыруда.

