ТЖМ баспасөз қызметі

Құтқарушылар сәбиді кір жуғыш машинадан алып шықты

Атырау облысында ТЖМ құтқарушылары кішкентай сәбиді тұрмыстық техниканың құрсауынан құтқарды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Оқыс жағдай Құрманғазы ауданында болған. Анықталған дерек бойынша, 2 жасар сәби ойнап жүріп, кір жуғыш машинаға кіріп, шыға алмай қалған көрінеді. 

Баланы өз бетінше шығара алмаған анасы құтқарушылардан көмек сұраған. Оқиға орнына дереу жеткен төтенше жағдайлар қызметі сәбиді сабырға шақырып, қауіпсіз түрде құрылғыдан шығарып алды, - деп жазылған ТЖМ ақпаратында. 

Бұған дейін Астанада полицейлер батпаққа батып қалған әйелді құтқарып қалған болатын