Құтқарушылар Қарағанды облысында баланың басындағы бұйымды кесіп алды
09.03.2025 21:47
Фото:
Бейнежазбадан скриншот
Қарағанды облысында құтқарушылар балаға көмекке келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірдің Нұра ауданына қарасты М. Мәметова көшесіндегі үйлердің бірінде бес жасар бала басына өзінің дәретке отыратын ыдысын киіп, өздігінен шеше алмаған. Сәбиге құтқарушылардың көмегі қажет болды.
Оқиға орнына келген ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары арнайы құралдардың көмегімен баланың басынан оны абайлап шешіп алды.
Осы орайда ТЖМ балаларға қамқорлық жасап, оларды қараусыз қалдырмауды қаперге салады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

