Жаңалықтар

Құтқарушылар келіншекке неке сақинасынан «құтылуға» көмектесті

Құтқарушылар келіншекке неке сақинасынан «құтылуға» көмектесті
Фото: © Pixabay.com 06.02.2024 10:00 969

ШҚО-да 2001 жылы туған қыз Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушыларынан көмек сұраған, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ол қолының ісіп кеткендіктен, өздігінен неке сақинасын шеше алмаған.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мамандандырылған құтқарушылары арнайы «тістеуікті» қолдана отырып, кәсіби көмек ұсынды.

Мамандар мұндай жағдайда үрейленбеу керегін және зергерлік бұйымдарды бірден тартып шығаруға оқталмау керегін айтты, сонымен бірге видеодағы лайфхактарды қолдануға кеңес берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға