El.kz

Құтқарушылар Балқаш көлінде үш адамды аман алып қалды

Қарағанды облысында Балқаш көлінен үш адам құтқарылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Белгілі болған жағдай бойынша көл жағасында үрлемелі шеңбермен ойнап жүрген сегіз жасар бала жағадан алысқа жүзіп кеткен. Оны құтқаруға тырысқан екі туысы да қатты жел мен толқындарға байланысты қайта алмай, қауіпке тап болды.

Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында бала мен екі ересек адам аман-есен жағалауға жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады:

  • Балаларды су маңында қараусыз қалдырмаңыз;

  • Қайық, катамаран және SUP-бордпен жүргенде құтқару кеудешелерін пайдаланыңыз;

  • Ауа райы мен желдің күшін бақылаңыз.