Құтқарушылар балалардың терезеден құлау жағдайының алдын алу бойынша үндеу жасады

Елордалық ТЖД мамандары балалардың терезеден құлау оқиғаларының алдын алу бойынша ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Күн жылынған сәттен бастап қауіпсіздік шараларына көбірек көңіл бөлу керек, - дейді елордалық құтқарушылар.
Балалар жарақатын азайтудың негізгі қауіпсіздік ережелері:
- үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз, өйткені бұл баланың өмірі мен денсаулығы үшін үлкен қауіп болмақ;
- балаларды қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе терезенің алдында ойнатпаңыз;
- терезедегі масалардан қорғайтын торға сүйеніп тұруға болмайды, бала сол торға алданып, құлап кетуі мүмкін;
- баланың терезені өз бетінше ашуына кедергі келтіретін қауіпсіздік құлыптарын (блокаторлар) орнату керек;
- бала терезенің алдына шығып кетпес үшін жиһазды терезенің жанына қоймаңыз.
