Құтқарушылар Ақбұлақта жарақат алған туристі эвакуациялады
07.09.2025 04:30
Фото:
ТЖМ баспасөз қызметі
Алматыда құтқарушылар Ақбұлақ маңында аяғынан жарақат алған турист қызды эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Анықталған дерек бойынша, жас турист Көк Жайлау платосы бағытында жүрген кезде аяғынан жарақат алған.
Оқиға орнына кезекші құтқару жасағы шұғыл түрде жіберілді. Құтқарушылар зардап шеккен қызға алғашқы көмек көрсетіп, оны төменге түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында зардап шеккен турист дер кезінде эвакуацияланды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

