Құтқарушылар 5 күн бойы ағаш басында отырған мысықты жерге түсірді
17.11.2024 17:46
Фото:
ТЖМ баспасөз қызметі
ТЖМ қызметкерлері ағаш басында бес күн отырған мысықты құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Ақтөбе қаласының Әзірбаев көшесінде мысық бесінші қабат деңгейінде ағаш басына мініп, бес күн өздігінен түсе алмаған. Жануарды түсіруге сәтсіз әрекеттерден кейін, иесі 112 нөміріне қоңырау шалған.
Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жануарға көмекке келді. Баспалдақтың көмегімен тәжірибелі құтқарушылар оны төменге түсірді. Мысыққа тамақ пен су беріп, алғыс білдірген иесіне табыстады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

