«Құшағыңа оралғым келеді»: Абай Бегейдің қызы жаңа жазбасымен көпшілікті тебірентті
Танымал әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат Абайқызы Instagram парақшасында жарық дүниемен қоштасқалы 10 жыл өткен анасына жүрекжарды жазба арнап, көпшіліктің көңілін тебірентті, деп жазады El.kz интернет порталы.
Сымбат анасын қатты сағынатынын жасырмай, оның орнын ешкім баса алмайтынын айтып, жүрек тербетер сөздерімен бөлісті:
Мама... Бүгін сенсіз өткен он жыл. Сағынышымды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Саған ешкім жетпейді... Сенің махаббатың, мейірімің, жан жылуың – ешкімнен табылмайды. Анасымен бірге жүргендерге қызыға қараймын. Көз жасымды көрсетпеуге тырысқаныммен, ішімде үнемі сағыныш пен сағым бар. Күндіз де, түнде де – тек сен.
Сымбат өмірдің шындығына көніп, анасымен қайта қауышу – жүрек түбіндегі арманы екенін де ашық білдірді:
Кейде бар болғаны 10 секунд болса да, құшағыңа оралғым келеді... Сол бір сәт менің он жылдық сағынышымды басар еді. Сен мен үшін әлі де тірісің, жүрегімдесің. Бұл әлем сенсіз тым ауыр. Дем алу да, күлу де оңай емес. Бірақ уайымдама, жанымда – қорғаным әкем, жұбанышым күйеуім, жақындарым бар. Ешкім мені ренжіткен жоқ.
Жазбаның соңында ол анасын Алладан Жәннаттан көруге тілек етті:
Өмір – өткінші, бәріміз Аллаға қайтамыз. Сенің мекенің – Жәннат болсын, анашым. Алладан соны ғана сұраймын...
Посмотреть эту публикацию в Instagram

