Жаңалықтар

«Құрысудан ойық жараға дейін». Тұздың пайдасы мен зияны

«Құрысудан ойық жараға дейін». Тұздың пайдасы мен зияны
Фото: © Pixabay.com 07.01.2024 09:24 5132

Тұз — NaCl — натрий мен хлордан тұрады. Біріншісінің артық болуы қан қысымын жоғарлатып, жүрек ауруы мен инсультке әкелуі мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары тұзды аз жесе, әлем бойынша 2,5 миллион өмірді сақтап қалуға болар еді дейді. Сол себепті, мамандар күнделікті тұзды пайдаланғанда бір ас қасықтан асырмауға кеңес береді. Әрине, тұз расымен сондай қауіпті. Бірақ, одан толық бас тартуға болмайды. Себебі, ол ағзаға керек натрий мен хлордан ең қарапайым көзі. Бұл элементтерсіз ағза жасушалары дұрыс жұмыс жасай алмайды.

Электролитті теңгерімді қалыпты ұстауға көмектеседі

Электролитті теңгерім натрий, хлор, калий және басқа да заттардың өзара байланысы. Бұлар жасушалар мен ағзалардың, атап айтар болсақ, жүрек, буын, бұлшықет, бүйректің қалыпты жұмыс істеуіне ауадай қажет. Егер натрий мен хлордан түбегейлі бас тартсақ, су теңгерімінің реттелуі, жүйке импульсінің берілуі, бұлшықетінің жиырылуы мен босаңсуы нашарлайды. Натрийдің дефицитінен адамда лоқсу, бұлшықет әлсіздігі, тырыспа аурулары туындайды. Ал хлордің төмен болуынан құсу, ісік пен әрдайым шаршаңқы жүру сияқты проблемалар пайда болады. Балалардың бойының өсуі жайлап, дамуында да кедергілер болады. 

Су теңгерімінің реттейді

Тұздың құрамындағы натрий су мөлшерін бақылауда ұстайды.  Егер элемент аз болса, проблемалар пайда болады. Теріңіз құрғап, артериялық қысым түсіп, тіпті естен тануыңыз мүмкін.

Жүйке импульсін алмасуға қатысады

Бір жүйке жасушасы екіншісімен байланысу үшін арнайы арналар ашылады. Бұл жол натрийдің ішке кіруіне септігін тигізеді. Элементтің қалыпты енуі жүйке жасушасын жеделдетіп, сигнал жасушадан жасушаға жетіп, миға барады. Осыдан кейін ғана бұлышқеттердің жұмысы жүреді. Егер натрий азайса, сигнал бармайды немесе жай барады. Осының салдарынан бұлшықеттің жұмысы нашарлап, діріл пайда болады. Одан басқа жұтуда, көздің қимылында, әртүрлі дене бөлшектерінде проблемалар туындауы мүмкін.

Бұлшықеттің жиырылуы мен босаңсуына көмектеседі

Натрий аз болса шаншу, тырысу, түйілу секілді бұлшықеттерімізде жайсыздық пайда болады. Спортшылар не салауатты өмір салтын ұстанатын адамдар ағзадағы тұзын бақылауда ұстауы керек. Себебі, тер натрий мен хлорды организмнен қуып шығарады. Ал оның аз болуы жаттығудан кейін бұлшықеттердің ауруына әкеледі. Натрийсіз бұлшықет талшықтары босаңси алмайды. Ол өз кезегінде бұлшықеттегі қан айналымын нашарлатып, пайдалы заттардың жетіспеушілігіне жетелейді.

Ал тұз көбейіп кеткенін қайдан білеміз

Біздің ағзамыз артық тұзбен күресе алады,  бйүрек артық натрийді сыртқа шығаруға бейімделген. Алайда, оған да ауыртпалық түсіп, жұмысын нашарлатып алуымыз әбден мүмкін. Организмде тұздың көбеюі көптеген проблемаларға алып келетінін ұмытпаған жөн.

Егер тұз көбейсе:

- бір нәрсені түсінуіңіз, ұғынуыңыз нашарлайды;

Канадалық ғалымдар ағзадағы тұздың көп болуы мидың жұмысына айтарлықтай әсер ететінін анықтаған. Ал жас келген сайын бүйрек жұмысы нашарлап тұзды сыртқа шығарарда кедергілер туындайды. Сол себепті, күнделікті тұздың мөлшерін қадағалауда ұстаған жөн.

- жиі шөлдейсіз;

Артық натрий ағзадағы су-тұз балансын бұзады. Оны қалыпқа келтіру үшін ағза суға зәрулігін білдіреді.

- бет, қол-аяқ ісінеді;

Артық су демекші, натрий оны тек қанда емес, денедегі тінде де ұстайды. Сол себепті, ісіктер пайда болады, ол басқа да аурулардың бастамасы болуы мүмкін.

- артериялық қысымыңыз жоғары;

Бұл да ілгерідегі симптоммен ұқсас. Натрий суды қан жүйесінде ұстайды да, артериялық қысымға әсер етеді.

- беліңіздің тұсы ауырады;

Артық тұз кіші дәреттегі ақуыздың көбеюіне алып келеді. Егер сіз бүйрегіңіздің жиі ауыратынын байқасаңыз, терапевтке баруды кешеуілдетпеңіз. Көптеген анализдерден кейін сізге тұзы аз диета жазып беруі әбден мүмкін.

- ішіңіз жиі ауырады.

NaCl ойық жараны шақыратын және басқа да асқазанға қатысты ауруларға әкелетін бактерияларға өте қатты ұнайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға