ҚұртStyle: Ақтөбеліктер құрттан дәм татты
21.03.2025 22:39
Фото:
Ақтөбе облысы әкімдігі
Ақтөбеде «Қазақ халқына мың алғыс» стелласы алаңында Ынтымақ күніне арналған «Наурыз. Бірлік. Береке» атты іс-шара өтті. Мерекелік жиында әртүрлі әдіспен дайындалған түрлі құрт ақтөбеліктерге ұсынылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұдан өзге Наурыз мерекесінде Ақтөбе облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен этномәдени бірлестік өкілдері шашу шашып, ақ дастархан жайды. Наурыз көже, шұбат, бауырсақ және түрлі ұлттық тағамдардан қала тұрғындары мен қонақтары дәм татты.
Мерекелік шарада ұлттық саз аспаптары тартылып, ұлттық ойындар мен спорттық жарыстар да ұйымдастырылды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

