Жаңалықтар

“Құрт” қысқаметражды фильмі түсірілді

“Құрт” қысқаметражды фильмі түсірілді
15.12.2022 22:00 2585

Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министірлігінің қолдауымын Қазақ Ұлттық Кино қолдау орталығының үлесі арқылы “Құрт” атты қысқаметражды фильм түсірілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Фильм Қазығұрт тауының аңызына негізделген мистика, хорор, детектив жанрында түсірілген. Ұзақтығы 20 минут. Режиссері Асылжан Абдумуталиб. Фильм оның дебюттік жобасы болып келеді.

Кино 11 күн көлемінде Қауынбайсай және Абай ауылдарында түсірілді. Түсірілім тобы Алматы қаласынан келді. Қоюшы Оператор Жандос Жобалай, Қоюшы суретші Алтынай Құмарбек және басты рөлдерде Бекарыс Шалқар, Нұржігіт Мергенбай, Мадина Ақылбекова,  Райхан Айтқожанова. Үлкен ұжымның еңбегін алдағы уақытта әлемдік кинофестивальдардан көруге үміттіміз. #kurt_kazakhcinema 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға