Жаңалықтар

Құрбан айттың бірінші күні 63 мыңға жуық отбасыға ет таратылды

Құрбан айттың бірінші күні 63 мыңға жуық отбасыға ет таратылды
Фото: ҚМДБ 17.06.2024 12:18 262

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғам алдындағы негізгі қызметінің бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру. ҚМДБ көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында биыл да құрбан шалуды офлайн және QURBAN2024.KZ сайты арқылы онлайн жүзеге асырып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрбан айттың алғашқы күні, яғни, 16 маусымдағы мәлімет бойынша республика көлемінде жалпы саны 20 236 мал шалынса, 1 788 тапсырыс qurban2024.kz сайты арқылы берілген. Тарқатып айтсақ, қой – 17 327, ешкі – 1 597, ірі қара – 1 307, түйе – 5.

Барлық мәліметті жинақтап айтқанда, еліміз бойынша 62 561 отбасыға, 136 мекемеге құрбандық еті таратылды.

Еске сала кетейік, онлайн форматта құрбан шалуға qurban2024.kz сайты арқылы тапсырыс беру бүгін және ертеңге дейін жалғасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға