Жаңалықтар

«Құқық негіздері» оқу бағдарламасын жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасуда

«Құқық негіздері» оқу бағдарламасын жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасуда
Фото: gov.kz 25.10.2023 01:33 767

«МАQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY» университетінде Әділет министрлігі қызметкерлерінің Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінің оқытушыларымен кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында мұғалімдер оқулықта нақты мысалдар мен практикалық тапсырмалардың (кейстердің) болмауына байланысты «Құқық негіздері» пәнін оқытудың күрделілігін айтты.

Өз кезегінде «МАQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY» университетінің ғылыми бөлімі мұғалімдерді тыңдай келе, елордалық мектеп мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстарын, семинарлар мен тренингтер өткізуді ұсынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға