Жаңалықтар

Құмар Ақсақалов қостанайлық іскер әйелдер кеңесінің өкілдерімен кездесті

Құмар Ақсақалов қостанайлық іскер әйелдер кеңесінің өкілдерімен кездесті
Фото: gov.kz 01.04.2023 21:36 926

Облыс әкімі Қ. Ақсақалов «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған облыстық Іскер әйелдер кеңесінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі  Қостанай облысының әкімдігіне сілтеме жасап. 

Іскер әйелдер кеңесінің негізгі функциялары-кәсіпкер әйелдердің экономикалық белсенділігін, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, әйелдер үшін жаңа жұмыс орындарын құру және іскерлік ортадағы гендерлік теңдікті сақтау.

2015 жылдан бері Кеңес қоғамдық және қайырымдылық жұмыстарды белсенді жүргізуде. Жергілікті атқарушы органдардың, қаржы мекемелерінің өкілдерімен тығыз байланыста. Бұл көптеген проблемалық мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға