Жаңалықтар

"Құлыбаевтардың компаниясы". Жақсыбек Құлекеев Halyk bank-тің тәуелсіз директоры болды

"Құлыбаевтардың компаниясы". Жақсыбек Құлекеев Halyk bank-тің тәуелсіз директоры болды
Фото: Видеодан кадр 04.12.2023 16:45 4904

Жақсыбек Құлекеев «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Директорлар кеңесі құрамына кіріп, тәуелсіз директор болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ кеңес құрамынан Мәжит Есенбаев өз өтінішімен шығарылды. Ал Жомарт Нұрабаев «АЛМЭКС» холдинг тобы» АҚ өкілі ретінде кірді.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлерінің 2023 жылғы 1 желтоқсандағы кезектен тыс жиналысында шығарған шешімі бойынша, директорлар кеңесі 8 адамнан тұрады.

Құлекеев банктің акцияларына иелік етпейді. Ол бұған дейін «Қаңтар оқиғасы: Ақорда үшін күрес» атты кітапты екі айда жазып шыққан болатын.

Айта кетейік, Halyk Bank акцияларының 69,52%-ы Динара және Тимур Құлыбаевқа тиесілі болса, 28,52% акциясына The Bank of New York Mellon несие мекемесі иелік етеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға