Құлсарыдағы жарылыс: облыс әкімі жедел штаб отырысын өткізді
30.05.2025 21:00
Фото:
Атырау облыстық әкімдігі
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы «Ниет» жанар-жағармай құю бекетіндегі өрт пен жарылысқа қатысты жедел штабтың шұғыл отырысын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық әкімдік мәліметінше, қазіргі уақытта зардап шеккендер түрлі деңгейдегі күйік жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді.
Аймақ басшысының тапсырмасымен Атырау қаласынан күйік орталығының мамандары медициналық көмек көрсетуге қосымша күш ретінде жіберілді, - делінген мәліметте.
Облыс әкімі төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке оқиға орнындағы іс-шараларды толықтай үйлестіруді, өртті оқшаулау және салдарын мейлінше азайтуды, сондай-ақ өрт аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

