Атырау облысының Құлсары қаласында газ-ауа қоспасы жарылды. Оқиға 30 мамырда сағат 18:45 шамасында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарылыстан 14 адам зардап шексе, тағы екі адам қайтыс болды.
Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жарылыс Құлсары қаласындағы Махамбет көшесінде болған.
Жарылыс салдарынан жақын орналасқан бір қабатты құрылыс, газ құю стансасы мен 2 қабатты ғимарат өртенген. Алдын ала мәліметке сәйкес, 14 адам зардап шеккен. Оның ішінде 2 адам қайтыс болған, - делінген мәліметте.
Қазір өртті сөндіру жалғасып жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

