Құлсарыда тасқын кезінде бүлінген жолдар қалпына келтірілуде
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
11.06.2024 15:02
Фото:
Видеодан кадр
Бұл туралы
Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бекет Бозжігітовтің айтуынша, қазіргі уақытта аудан орталығындағы Автожолшылар-2 ықшам ауданындағы көшелерден бастап қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінде орталық ауруханаға кірме жол, тасқын судан бүлінген Қожанов көшесін қалпына келтіру жұмыстары басталды. Мердігер мекеме - "Казком сервис" ЖШС. Қала бойынша су шайған жолдарды қалпына келтіру жұмыстарын күз мезгіліне дейін толық аяқтау жоспарда, - деді спикер.

