Жаңалықтар

Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккендер үшін 150 үйдің құрылысы басталады

Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккендер үшін 150 үйдің құрылысы басталады
Фото: t.me/oper_shtab_atyrau 18.05.2024 11:01 1264

Атырау облысы Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 150 үйдің құрылысы басталады. Бүгінгі таңда әрқайсысының ауданы 80 шаршы метрлік 74 типтік үлгідегі үйдің учаскесі белгіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖ жөніндегі облыстық жедел штабтың мәліметінше, негізгі құрылысты келесі аптада бастау жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов айтты.

Тұрғын үйлер облыстық бюджеттің және демеушілердің қаражатына салынады. Құрылысты жергілікті мердігер мекемелер жүргізеді деп жоспарлануда,- дейді Н.Құсайынов.

Ықшамаудан инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен: жарық және сумен қамтылған, газбен қамту жұмыстары жүргізілуде. Онда екі мың орындық Binom мектебін салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар 300 орындық балабақша құрылысы басталады. Тұрғындарға арналған шағын аллеялар салу жоспарлануда.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес әлеуметтік нысандардың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары басталды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға