Құлсарыда әйелді бұрынғы күйеуі ауруханада бауыздап кетті

Фото: alash.kz
Фото: alash.kz
28.03.2025 12:31
5630
Жылыой ауданының Құлсары қаласында кісі өлтіру оқиғасы орын алды. Ер адам бұрынғы әйеліне пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, күдікті — Шоқпартоғай ауылының тұрғыны. Қылмыс жасағаннан кейін ол қашып кетуге тырысқан, алайда Жылыой аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері оны ізін суытпай қолға түсірді.
Қазіргі таңда тергеу жүргізілуде. Құқық қорғау органдары қылмыстың себептері мен барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Трагедия түстен кейін, емхананың заңгері болып жұмыс істеген әйелдің жұмыс кабинетінде болған. Кабинетте жалғыз отырған әйелге кенеттен бұрынғы күйеуі кіріп келіп, оған пышақпен шабуыл жасаған. Әйел оқиға орнында қаза тапты.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық боксшы қыздар Әлем кубогына қатысады
Келесі жаңалық
Астанада жылу беру маусымы қашан аяқталады