Жаңалықтар

Құлсары тұрғындарына баспананы жөндеуге өтемақы төлене бастады

Құлсары тұрғындарына баспананы жөндеуге өтемақы төлене бастады
Фото: Атырау облыстық жедел штаб 18.05.2024 13:29 650

Атырау облысы Құлсары қаласының тұрғындарына баспананы жөндеу мақсатына арналған өтемақы төлене бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жедел штабтың мәліметінше, қазіргі таңда 15 тұрғынға жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына өтеамқы төленді. Бұл туралы Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесу барысында айтты. 

Аудан басшысының айтуынша, 17 мамырда мүлікті бағалау нәтижелерін алған Құлсарының алғашқы 15 тұрғыны келісім шартына қол қойғаннан кейін өз шоттарына ақшалай төлемдер алған. Енді олар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кіріседі.

Атырау облысының әкімі атап өткендей, Құлсарының әрбір тұрғынының тұрғын үйін бағалау бойынша жағдай жеке қаралады, - деді Жұмабек Қаражанов.

Аудан әкімі тұрғындарға  үйді апатты деп тану кезінде, сондай-ақ жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде келтірілген залалды өтеу тәртібі туралы ақпарат беріп өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға