Жаңалықтар

Құлсары қаласының тұрғындары коммуналдық төлемдерден босатылады

Құлсары қаласының тұрғындары коммуналдық төлемдерден босатылады
Фото: Видеодан кадр 16.05.2024 11:33 1040

Су тасқынынан зардап шеккен Құлсары қаласының тұрғындары коммуналдық төлемдерден босатылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражановтың хабарлауынша, зардап шеккен үйлердің тұрғындары сәуір, мамыр, маусым, шілде айларында коммуналдық қызметтер үшін төлемнен босатылады, деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.

Қазіргі уақытта Құлсары қаласы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етілуде. Электр қуатына барлығы 2870 үй қосылды, су басу аймағында орналасқан 3084 үйді газбен жабдықталды.

Тұрғындарға наурыз айына коммуналдық төлемдерді (ҚТҚ, электр энергиясы, газ және ауыз су үшін) төлеуге түбіртектер таратылады. Алайда, қала тұрғындары өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта есепшоттарды төлей алады, - деді Жұмабек Қаражанов.

Сондай-ақ, аудан әкімінің хабарлауынша, Құлсары қаласында коммуналдық қызметтерге тарифтерді көтеру фактілері тіркелмеген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға