gov.kz

Құлсары маңында су тасқынына қарсы 4700 қап дайындалды

ТЖМ әскери қызметшілері Атырау облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ТЖД қызметкерлері мен ҚР ТЖМ 20982 және 28237 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері ЖАО-мен бірлесіп елді мекендерді су басуды болдырмау мақсатында Құлсары қаласының маңында Жем өзенінің жағалау бойында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізуде.

Бүгінгі таңда әскери қызметшілер жағалау бойына төсеу үшін 50 кг 4700 қап және 1 тоннадан 300 қап дайындап, өзен арнасын 5000 м бойы нығайту жұмыстарын жүргізді.

Елді мекендерге қауіп жоқ.