Құлсары көшелерінен 5,6 млн текше метрден астам су шығарылды
18.05.2024 16:07
Фото:
Атырау облыстық жедел штаб
Атырау облысы Құлсары қаласының көшелерінен 5,6 млн текше метрден астам су шығарылды. ТЖ жөніндегі облыстық жедел штабтың мәліметінше, қазіргі уақытта Болашақ шағынауданында орналасқан 14 үй су астында қалып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Соңғы ресми деректер бойынша, Жылыой ауданында су тасқыны кезінде 282 шағын және орта бизнес субъектісі зардап шеккен. Бизнес нысандарын су тасқынынан қорғау мақсатында ұзындығы 3,4 км қорғаныс бөгеті салынды.
Қазіргі уақытта төтеншеліктер Вахтовый шағынауданына қарама - қарсы айналма жол ауданында орналасқан кәсіпкерлік қызмет аумағын құрғатып жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

