Жаңалықтар

"Құдайдан тіледім". Айтыскер ақын Сара Тоқтамысова қызы туралы тебіренісін жария етті

"Құдайдан тіледім". Айтыскер ақын Сара Тоқтамысова қызы туралы тебіренісін жария етті
Фото: Ақынның жеке мұрағатынан 14.01.2024 20:22 1040

Белгілі айтыскер ақын Сара Тоқтамысова кенже туған қызын халыққа көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Өнер иесі әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазба жариялап, қызына деген сүйіспеншілік сезімін жария етті. 

Біреуге тілеген дұғаң, жасаған жақсылығың еселеніп өзіңе қайтатынын ұмытпаңыз. Аллаға сансыз мадақ! Алла ұлық! Жолдасым екеуміз Меккеге барып Қағбаны айналып алақанымызды жайып Алладан тілеп алған қызымыз ғой. Бүгін қызығын жақындарымызбен бөлісіп жатырмыз. Отбасы деген қара орманда түрлі-түрлі сүрлеулі жолдар бар. Сол жолдарды жұбайлар қол ұстасып бір-біріне қолдау болып жүре алса ғана адаспайды. Жемісін жей алады. Жолдасымыз екеуміздің де жолымыз түп-түзу даңғыл болған жоқ. Әр түрлі қиындықты да, сынақты да көрдік. Әлхамдулилля, береке-бірліктің арқасында осы күнге жетіп отырмыз", - деді ол. 

Сондай-ақ, айтыскер ақын бөтен ойдан аулақ болуға шақырды. 

Бір нәрсені ескерткім келеді. “Ұл тумадым” немесе “қыз тумадым”, “төрт қыз боп кетті” немесе “бес ұл боп кетті” “Бала тумай жатырмын” деген күпіршіліктен аулақ болайық. Біз үшін ненің және қашан қайырлы болатынын Алладан артық ешкім білмейді, - деп жазды Сара Тоқтамысова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға