Жаңалықтар

Қуанышты жаңалық. Тәрбиешілердің жалақысы өсетін болды

Қуанышты жаңалық. Тәрбиешілердің жалақысы өсетін болды
Фото: © ОКҚ 07.08.2023 13:13 1194

2023 жылдың қыркүйегінде тәрбиешілердің жалақысы тағы 30 пайызға өседі. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздің мектепке дейінгі ұйымдарында барлығы 98 мың педагог жұмыс істейді. Олардың 65 мыңнан астамы жоғары білімі бар педагогтер. Сондай-ақ олардың 57 пайызы қалада жұмыс істейді.

Бүгінде еліміздегі мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.

Білім беру сапасы мұғалімдердің кәсіби құзыреттілік деңгейіне тікелей байланысты. Мемлекет басшысы мектепке дейінгі ұйымдардың педагог мәртебесін, кәсіби әлеуетін және жалақысын арттыру міндетін алға қойды. Биыл мектепке дейінгі ұйымдардың 21 мыңнан астам педагогінің біліктілігін арттыру жоспарланған. Ол өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға артық, - деді ол.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үздік тәжірибелерін тарату үшін 79 мектепке дейінгі ұйымның базасында тұрақты негізде «Құзыреттілік орталықтары» құрылады.

Соңғы 4 жылдың ішінде педагогтердің жалақысы әр жыл сайын 25 пайызға артып отырған. 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тәрбиешілердің жалақысы 30 пайызға көбейеді. Атқарылған шаралардың барлығы педагогтерді мектепке дейінгі ұйымдарға тартуға септігін тигізеді деген ойдамыз, - деді Наталья Жұмаділдаева.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға