Жаңалықтар

Қуантыров америкалық ірі компаниялардың басшыларымен кездесті

Қуантыров америкалық ірі компаниялардың басшыларымен кездесті
Фото: ҰЭМ баспасөз қызметі 15.04.2023 21:27 1202

Әлібек Қуантыров америкалық ірі компаниялардың басшыларымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ұлттық экономика министрі  Қазақстан-Америка іскерлік кеңесінің (USKBZC) мүшелерімен жыл сайынғы дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шараға АҚШ Сауда Палатасының аға вице-президенті Хуш Чокси бастаған ірі америкалық компаниялардың, соның ішінде Chevron, Boeing, Citi, Pfizer басшылары қатысты.

Ә.Қуантыров өз сөзінде атап өткендей, Қазақстан мен америкалық ірі компаниялардың ынтымақтастығы 30 жыл бойы жалғасып келеді және олардың саны жыл сайын өсіп жатыр. ҚР мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2022 жылы пандемияға дейінгі деңгейден асып, $3,1 млрд. құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 37%-ға артық. Қазақстаннан АҚШ-қа экспорт 32% - ға өсіп, $1,2 млрд. құрады, бұл ретте америкалық тауарлардың импорты 40% - ға ұлғайып, $1,9 млрд. құрады.

«ҚР Үкіметінің қолайлы инвестициялық жағдай жасау бойынша жүргізіп жатқан экономикалық реформаларының нәтижесінде Қазақстандағы америкалық инвестициялар мен компаниялардың саны бір жылда 9%-ға өсті», - деді ҰЭМ басшысы.

Сондай-ақ, министр елімізде жүргізіліп жатқан салық-бюджет саясаты, бизнес-климатты жақсарту бойынша реформалар туралы айтып берді және инвесторларды ағымдағы жылдың 8-9 маусымында өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды. Осы уақытта АҚШ-тың Сауда миссиясының Қазақстанға келуі күтілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға