Жаңалықтар

«Қуандық қажы». Бұрынғы әйелі Бишімбаевтың бес рет қажылыққа барғанын айтты

«Қуандық қажы». Бұрынғы әйелі Бишімбаевтың бес рет қажылыққа барғанын айтты
Фото: ҚР Жоғарғы сот 26.04.2024 15:15 3346

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап беріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жолы Назым Қаһарман Қуандық Бишімбаевтың діни көзқарасы жайлы айтты.

Желі қолданушылары Назым Қаһарманға "Бишімбаевтың дінге көзқарасы қандай болған?", - деген сауал жолдады.

Ол ата-анасы сияқты әрқашан дінге жақын болатын. Мен білуімше, ол бес рет кіші қажылыққа барған. Бірақ оның арқасында дін мен рухани дүние деген екі түрлі нәрсе екенін түсіндім, - деп жауап берді Назым Қаһарман.

Бишімбаевтар әулетінің діни сенімінен бөлек көріпкел-балгерлерге жиі жүгінетіні жөнінде де айтып қалды.

Әрдайым көп нәрсе білгісі келетін. Басқа адамдарға қарағанда бәрін бірінші боп білуге тырысатын. Отбасымен көріпкелге баратын, - дейді Назым Қаһарман.

Бұған дейін өткен сот отырыстарында Қуандық Бишімбаев ораза ұстап, мешітте ауызашар бергені жөнінде айтқан еді. Сондай-ақ азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкеновадан да намаз оқуды талап еткені анықталған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға