Қуандық Бишімбаевтың балаларына өсиет қалдырған видеосы көрсетілді
Фото: ҚР Жоғарғы сот
Фото: ҚР Жоғарғы сот
17.04.2024 17:33
2422
Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованың өлімінен кейін өзіне қол жұмсамақ болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Суицид жасамас бұрын Қуандық Бишімбаев балаларына өсиет қалдырған. Бұл туралы сотта Бақытжан Байжановтың телефонын тексеру барысында анықталды.
Бар затымды, банк аккаунттарымды, есептерімді (шоттар), балаларыма он пайызын сыйлаймын, Назымға (бұрынғы әйелі) сыйлаймын. Балаларымды асырасыншы. Мансұр, Карим, Ранияға (үш баласы), Назымға сыйлаймын, - дейді Қуандық Бишімбаев бейнежазбада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қазақстанның ең маңызды 5 сауда серіктесі анықталды