Жаңалықтар

Қуандық Бишімбаевтың әйелімен қоштасу рәсімі Павлодарда өтеді

Қуандық Бишімбаевтың әйелімен қоштасу рәсімі Павлодарда өтеді
Фото: facebook.com/saltanat.nukenova 10.11.2023 14:44 9383

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Саланат Нүкеновамен қоштасу 11 қараша күні өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелді өзінің Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.

Ертең сағат 10:00-де Павлодардағы Мәшһүр Жүсіп атындағы мешітте Салтамен қоштасамыз, - деп жазды марқұмның бауыры.

Қуандық Бишімбаевтың әйелімен қоштасу рәсімі Павлодарда өтеді

Айта кетейік, 9 қараша күні Астанадағы мейрамханалардың бірінде ер адамның әйелін ұрып өлтіргені туралы ақпарат тарады. Кейіннен күдікті ретінде бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ұсталды. Оқиға елордадағы «Bau» мейрамханасының маңында болған. Алдын ала болжам бойынша, ол әйелі Салтанат Нүкенованы соққыға жығып, дене жарақатынан әйел жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға