Жаңалықтар

Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары ресейлік эксперттерге жүгінген

Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары ресейлік эксперттерге жүгінген
Фото: Видеодан кадр 10.04.2024 15:50 1265

Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ресей ұлттық медицина университеті мен Ресей Федерациясы денсаулық сақтау министрлігінің сарапшыларының көмегіне жүгінген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Адвокат Назкен Құсайынова сот отырысында Ресей ұлттық медицина университеті мен Ресей Федерациясы денсаулық сақтау министрлігінің сараптамасын қайта қарап, қылмыстық іске қосуды сұрады. Сондай-ақ ZOOM және WhatsApp арқылы сарапшыларға сұрақ қоюға болатынын айтты.

Ал судья Айжан Құлбаева ресейлік сарапшылардың қорытындысын зерттеуге рұқсат берді.

Ол Қуандық Бишімбаевтың қылмыстық іс материалдарына Ресей Федерациясының сараптамалық қорытындысын қосу бөлігінде адвокаттардың өтініші қанағаттандырылғанын хабарлады. Судья ҚР ҚК 362-бабына сәйкес "тараптар материалдарды қылмыстық істерге қосу туралы өтініш жасауға құқылы" деп түсіндірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға