Жаңалықтар

Қуандық Бишімбаев осымен екінші мәрте өз кінәсін мойындаудан бас тартты

Қуандық Бишімбаев осымен екінші мәрте өз кінәсін мойындаудан бас тартты
Фото: Видеодан кадр 27.03.2024 17:24 740

Астанада Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соты өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Бұл істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарап жатыр. Сот отырысында айыпталушы Қуандық Бишімбаевтан прокурор «Өз кінәңізді мойындайсыз ба?» деп сұрады.

Бишімбаев «Мен кінәні мойындамаймын. Мен адамды аса қатыгездікпен өлтірген жоқпын», - деп жауап берді.

Осы уақытқа дейін менде тіпті оқиғаны баяндап беретін мүмкіндік болмады. Соттың тергеуінде де  және басқа да жағдайда айтатын мүмкіндік болмады.  Прокурордың айтқан оқиғасында да куәгерлер мен нақты деректер жоқ. Қылмыстық кодекстің 110 бабы бойынша да менің тарапымнан ондай қылмыс болмады және мен оны мойындамаймын, - деді Бишімбаев.

Судья Айжан Құлбаева қылмыстық кодекстің 99-бабы (аса қатыгездікпен адам өлтіру) бойынша сотталушының пікірін сұрады.

Бұл бап бойынша да дәл сондай пікірдемін. Адамды аса қатыгездікпен әдейі өлтірген жоқпын, - деді күдікті.

Айта кетейік, 11 наурызда өткен алдын ала тыңдалымда Қуандық Бишімбаев кінәсін мойындамайтынын айтқан еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға