Жаңалықтар

Қуандық Бишімбаев балаларының тегін өзгертуге келісім берді

Қуандық Бишімбаев балаларының тегін өзгертуге келісім берді
Фото: t.me/Jogargy_sot 12.11.2024 18:08 6981

Астанада Ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру ісі бойынша апелляциялық іс қаралды. Бұл талапты оның бұрынғы жұбайы Назым Қаһарман қойған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Назым Каһарман балалардың әкесінің қылмыстық жауаптылыққа тартылуын және қоғам тарапынан бұқаралық ақпарат құралдарында жағымсыз жарияланымдар салдарынан психологиялық қысымды сезінетінін көрсете отырып, үш баланың әкесін ата-ана құқығынан айыруды сұрады.

Бірінші сатыдағы сот талапты қанағаттандырудан бас тартты, өйткені жауапкер балаларға қатысты мұндай әрекеттерге жол бермеген.

Бұл шешімге талапкер шағымданады. Апелляциялық қарау кезінде жауапкер балалардың тегін өзгертуге және шетелге шығуға келісім берді. Апелляциялық саты сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. Сот актісі заңды күшіне енді, - деді сотта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға