Жаңалықтар

Қуандық Бишімбаев ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін бе

Қуандық Бишімбаев ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін бе
Фото: Facebook/Куандык Бишимбаев 13.02.2024 16:45 1854

Өткен жылдың соңында әйелін өлтірді деген күдікке ілінген Қуандық Бишімбаев ата-ана құқығынан айырыла ма? Осыған қатысты ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ренат Зұлқайыров жауап берді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған дөңгелек үстелде Ренат Зұлқайыров бұл жағдайға қатысты нақты түсініктеме берген жоқ. Десе де, ол ата-ана құқығынан айыру мәселесінде мемлекеттік органдардың қалай жұмыс істейтіні жөнінде айтты.

Отбасы мүшелерінің біріне қатысты зорлық-зомбылық көрсетудің әрбір оқиғасы бойынша ішкі істер органдары бізге келіп, қорғаншылық және қамқоршылық органдарына хабарлайды, олар кейіннен бізбен және халықты әлеуметтік қорғау органдарымен бірлесіп, балаларды әлеуметтік қолдау мәселелерін қарайды, - деп жауап берді ол.

Отбасы, оның ішінде қажет болған жағдайда ата-ананың біреуінің ата-ана құқығын шектеу немесе одан айыру туралы сұрақтар бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға