Жаңалықтар

Қуандық Бишімбаев Астананың іргесіндегі түрмеде отыратын болды

Қуандық Бишімбаев Астананың іргесіндегі түрмеде отыратын болды
Фото: ҚР Жоғарғы сот 14.05.2024 15:21 3615

Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова сот үкіміне қатысты шағым түсіретінін айтты. Олар айыпталушының 24 жыл түрмеде отыратынына қарсылық білдірмек, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Иә, біз апелляцияға береміз. Әрине, біз үкіммен келіспейміз. Нақты жоспарымыз туралы айта алмаймын. Қолымызға тиісті құжаттарды алмадық. Біз оларды үкім жарияланғаннан кейін бес күннен кешіктірмей қабылдауымыз керек, - деді адвокат Orda.kz тілшісіне

Егер Қуандық Бишімбаевқа кесілген үкім өзгермесе, айыпталушы жазасын Аршалыдағы түрмеде өтейді. Ақмола облысы Аршалы ауданында орналасқан Астана қаласы ҚАЖД-ға қарасты №2 мекемеде аса ауыр қылмыс жасағандар отырады.

Айта кетейік, судья Алма Есімова Бишімбаев пен Байжанов қай жерде жазасын өтейтіні туралы сұраққа жауап берген еді. 

Бишімбаев бұған дейін сотталғандықтан, қылмыстық атқару жүйесі қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге жіберіледі. Сот сотталушының нақты сотталатын орны мен жерін белгілемейді. Шешім күшіне енгеннен кейін ол мекеменің тергеу изоляторына жіберіледі. Ал Байжанов қылмыстық атқару жүйесі қауіпсіздігі орташа мекеге жолданатын болады, - деп түсіндірді Есімова. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға