ҚТЖ басшысы қанша айлық алатынын айтты
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
15.02.2024 15:44
1221
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы Нұрлан Сауранбаев қанша жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жалақым – 1 миллион теңге. Бонустарға келсек, ол балдық жүйемен есептеледі, тиісінше әркімдікі әрқалай, өкінішке қарай, оны айта алмаймын, - деді Сауранбаев Сенатта.
Ол ҚТЖ басқарма мүшелері сыйақы алмайтынын, себебі бонустар жыл соңында төленетінін алға тартты.
Әзірге ол сандарды атай алмаймын, бірақ біз оны жариялаймыз, - деді ұлттық компанияның басқарма төрағасы.
Нұрлан Сауранбаев ҚТЖ ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып 2021 жылғы сәуірде тағайындалды. 2022 жылы ол компанияның жалақы қоры 331 миллиард теңге екенін мәлімдеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Атыраулық дәрігерлер алғаш рет жүрекке күрделі ота жасады