Қ.Сәтбаев атындағы канал толық жаңғыртылады
Су ресурстары және ирригация министрлігі келесі жылы Қ.Сәтбаев атындағы каналды ауқымды жаңғырту жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесу басысында айтты.
Бүгінде министрлік жобаның жол картасын әзірледі. Каналды жаңғырту жұмыстары келесі жылы басталып, бес жылда аяқталады деп жоспарланып отыр. Жол картасы сорғы қондырғылары мен электр желілерін жөндеуді, сондай-ақ басқа да іс-шараларды қамтиды.
«Қ.Сәтбаев атындағы канал Қарағанды және Павлодар облыстарының өнеркәсіп орындарын сумен қамтамасыз ететін маңызды нысан. Сондай-ақ, канал Жезқазған, Қарағанды және Павлодар қалалары үшін ауыз судың негізгі көзі болып табылады. Сондықтан біз нысанды ұзақ мерзім бойы және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз еткіміз келеді», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Айта кету керек, Қ.Сәтбаев атындағы канал Павлодар және Қарағанды облыстары арқылы өтетін бірегей нысан. Оның жалпы ұзындығы - 458 шақырым.