ҚР Президенттігіне үміткерлердің сайлауалды шаралары жалғасуда
ҚР Президенттігіне үміткерлер сайлауалды бағдарламасын таныстыруды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды El.kz.
Бүгін Қарақат Әбденнің сайлауалды штабының мүшелері Трансфузиология ғылыми өндірістік орталығында қан тапсырып, донор атанды.
Іс-шараға қатысқан штаб мүшелері 10 000 миллилитрге жуық қан тапсырды. Донорлық қан ауыр науқастарды емдеуде және шұғыл медициналық көмек көрсету кезінде аса қажет. Трансфузиолог-мамандардың айтуынша, әр донордан 450 мл. қан алынады. Бұл адам денсаулығына зиянын тигізбейді, керісінше көп жағдайда пайдалы болмақ.
Президенттікке кандидат Қарақат Әбден бұл бастаманың әлеуметтік маңызы зор екендігін атап өтті.
«Бүгін біз штаб мүшелері «Өмір сүруге үміт сыйла» деген ұранмен қан тапсыруға келді. Жалпы, бұл бастаманың әлеуметтік маңызы зор деп білемін. Донор қаны адамның өмір құтқара алады, қиын жағдайға тап болған жандардың денсаулығын сақтап қалудың кепілі бола алады. Біз үшін адам өмірі мен оның денсаулығынан бағалы ештеңе жоқ. Осындай игі істерде халықтың белсенділігі арта түссе екен дейміз. Өзгелерге көмек көрсетіп, дер кезінде қол ұшын созу бізді біріктіреді», - деді кандидат.
Еске салсақ, елімізде 20 қараша күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Кандидат Қ.Әбден ел аймақтарын аралап, 8 облыста 30-дан астам кездесу өткізді. Алдағы уақытта ол Түркістан және Жамбыл облыстарының сайлаушыларымен жүздеседі.
Алматыдағы облыстық штабтың қызметкерлері, сондай-ақ Салтанат Тұрсынбекованың жақтастары қалалық метрополитенде акция өткізді.
Метро вагондарында әйелдер жарнама парақшаларын таратып, кандидаттың бағдарламасы туралы әңгімеледі. Акцияға қатысушылар жолаушылармен бірге бірнеше ән орындады.
Алматыдағы бас кеңсе өте белсенді жұмыс істеп жатыр. Олар бұған дейін қалада кандидаттың тұтынушылардың құқықтарын, сондай-ақ зияткерлік меншікті қорғау, құқық қорғаушылар мен қоғам белсенділерімен халықпен кездесулерін ұйымдастыруға көмектескен.
Мәселен, Атырау облысында жол жиегіне үлкен билбордтар орнатылды, штаб күнделікті жұмыс үстінде. Жамбыл облысында жергілікті штаб басшысы колледжде оқытушылар және студенттермен кездесулер ұйымдастырды. Маңғыстау облысында сүт зауытының жұмысшыларымен, Мұнайлы ауданындағы аурухана дәрігерлерімен, құрылыс компаниясының қызметкерлерімен кездесулер жоспарланған.
Басқа өңірлерде де кездесулер ұйымдастыру, үгіт материалдарын тарату жұмыстары жүргізілуде.