ҚПЛ: "Астана" командасы "Ордабасына" есе жіберді
Шымкенттік «Ордабасы» мен «Астана» Қазақстан Премьер-лигасының 16-турындағы орталық ойында кездесіп, матч 1:0 есебімен аяқталды. Осылайш елордалық клуб сырт алаңда шымкенттік командаға есе жіберді, деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасап El.kz интернет порталы.
Командалардың бастапқы құрамдары мынадай болды:
«Ордабасы»: Челедник, Антич, Тұрсынбай, Малый, Астанов, Жақсыбаев, Вакулко, Халматов, Сұлтаниязов, Наумец, Жұмабек.
«Астана»: Чондрич, Вороговский, Казуколовас, Марочкин, Бартолец, Аманович, Эбонг, Грипши, Камара, Томасов, Чинеду.
Кездесудің 67-минутында «Ордабасының» ойыншысы Зикрилло Сұлтаниязов алаңнан қуылды, бірақ бұл «Астанаға» жеңіс әкелмеді. Керісінше ойынның соңына қарай Эвертон Мораес жалғыз голды соғып, Шымкент командасына жеңіс сыйлады — 1:0.
Осылайша, «Астананың» қоржынында 37 ұпай қалды және ол турнир кестесінде көш бастап тұр. Ал «Ордабасы» 23 ұпаймен жетінші орынға орналасты.

