Жаңалықтар

«Қойшы суицид жасады». Түркістан облысында бір күнде 500 бас мал жоғалып кеткен

«Қойшы суицид жасады». Түркістан облысында бір күнде 500 бас мал жоғалып кеткен
Фото: ©El.kz/Ғазиз ШАКИРОВ 19.02.2024 14:56 1937

Түркістан облысына қарасты Шолаққорған ауылының азаматтары бір күнде бес жүз бас малынан айырылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Қойшы қорада өлі күйінде табылған. Оған барлығы 32 отбасы 555 малын тапсырған. Ең көп шығын көрген бір азамат тіпті 80 бас түлігінен айырылып отыр. Олар басқа үйдің қораларынан өз малдарын танығанмен, оны әкетуге амалдары болмай тұр. Оған себеп, малдардың жаппай сатылып кетуі.

Ал Түркістан облысының полиция департаменті өз-өзіне қол салды деген қойшының үстінен іс қозғаған. ПД Созақ ауданы тұрғындарының арызына сәйкес ауызша өзара уәделесіп мал бағумен айналысқан шопанның мүлікті иемдену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқанын айтады.

Қазіргі уақытта тергеу-жедел тобы қажетті іс-шаралардың барлығын жүргізуде, олардың нәтижелері бойынша заңды процестік шешім қабылданатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға