Жаңалықтар

Қоян жылында елдің назарын аударғандар: Love Aika тізімі, Akon концерті, романтик полиция

Қоян жылында елдің назарын аударғандар: Love Aika тізімі, Akon концерті, романтик полиция
Фото: Коллаж El.kz 29.12.2023 10:15 8269

Желтоқсанның соңында өтіп бара жатқан жылды қорытындылау дәстүрге айналған. Бізде қалыс қалмауды жөн көрдік.  El.kz ақпарат агенттігі қоян жылындағы қызықтарға бір шолу жасауды жөн көрді.

Жыл концерті – Akon

Желтоқсан айында америкалық атақты әнші Akon Қазақстанға келді. Алматы мен Астанада концерт қойды. Елордадағы концерті елдің есінде ерекше қалды. Қыздар іш-киімдерін лақтырып, әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Депутат Аманжол Әлтаев үкіметке сауал жолдады. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мұны «ұят» деп бағалады.

Жыл кавері – «Пустой квадрат и тусклый свет»

13 жастағы Зейнур желіде осыншалықты танымал боламын деп ойламаған шығар. Оның рэпер V$XV PRiNCE-мен бірлесіп айтқан әні  Tik-Tok-та жақсы тарады. Трендтерді жарып, 13 миллион қаралым жинады. Бүгінге дейін Зейнурдың дауысымен 2500 видеоролик түсірген.

Жылдың үздік жұбы – Ерке мен Raim

Биылғы жылдың үздік жұбы сөзсіз Ерке Есмахан мен Raim. Екеуі заңды түрде некесін 4 сәуірде қиды. Ал қараша айында ұлды болды. Ерке күйеуінен 12 жас үлкен. Бірақ бұл айырмашылық махаббатарына кедергі бола алған жоқ. 

Жыл фильмі – «Оян, қазақ!»

«Міржақып. Оян, Қазақ!» фильмі биыл күзде аншлагпен көрілді.  Мұндай жағдай бұрын-сонды тарихи қазақ фильмдерінде болмаған. Кинодан шыққан жастар рухтанып, әлеуметтік желіге әсерлерін жазды. Тіпті, қызды-қыздымен «Осыдан кейін тек қазақша сөйлеймін» дегендері де бар.

Аталған фильм 100% мемлекеттік бюджетке түсірілген.

Жыл қонағы – Макрон

Биыл елімізге көптеген президенттер келді. Солардың ерекше қонақ болған – Франция президенті Эммануэль Макрон.

Ұлы державалар қайта гегемон атануға ұмтылып жатқан, ал басқа елдер болжап болмайтын күйге түскен әлемде жаңа перспективалар құруға болатын серіктесің мен достарыңа арқа сүйей алатыныңды білген жақсы, – дейді Эммануэль Макрон.

Ол "Қазақстан мен Франция осындай елдер қатарында" екенін атап өтті.

Жыл тізімі – Love Aika

Бірнеше күн бойы әлеуметтік желіні VIP жеңгетайдың «списогы» жаулап алды. Әуелі жиырманың о жақ, бұ жағындағы Айканың қыздарынан эскорт қызметін жиі пайдаланып тұратын жігіттердің тізімі тарады. Ол жерде кім жоқ дейсіз, 300 адамның ішінде облыс әкімінің бірінші орынбасары, сосын министрлікте басқарма басшысы болып отырған лауазымды тұлғалар бар.

Сосын интимдік қызмет көрсететін, секс кештерін ұйымдастыратын модель қыздардың да тізімі  жарияланды.

Жыл цитатасы – «Айтшы, енді, айтшы»

Экс-депутат Бекболат Тілеуханның журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатындағы біраз сөздер цитатаға айналып, біраз талқыланды. Сұхбатта журналист экс-депутаттан «жағымпазсыз ба?» деп сұрағаны бар.  Оған іле-шала Бекболат Тілеухан «сен далбаепсың ба?» деп қарымта сұрақ қояды.

«Нұрсейіт, сен далбаепсың ба?», айтшы, енді айтшы», - дейді Бекболат Тілеухан.

«Жылдың романтик полициясы» - гүл ұрлаушы

Биыл Шымкенттегі «Romantic» гүл дүкенінде полииция қызметкері қолына қайшы алып, флористке қоқан-лоқы көрсетеді. Сөйтіп, романтик-полиция гүл алып кеткен.  ІІМ мәліметінше, «гүл дүкенін тонаған» бұрынғы полиция қызметкерінің аты-жөні Мұхтар Беков. 

«Ақша бәрін шешеді»  - Қайрат Боранбаев

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасымен байланысты кәсіпкер Қайрат Боранбаев биыл сотталып та, артынша бостандыққа да шығып үлгерді. Ол енді пробация бақылауында болады.

Боранбаевқа  2022 жылы наурызда «квазимемлекеттік сектордан ірі көлемде ақша жымқырды»  деген күдікке ілінген. Оған QazaqGaz ұлттық компанияның газын сату бойынша келісімнен түскен шамамен 14,6 млрд теңге қаражатты жымқырды деген айып тағылған.

Кейіннен кәсіпкер 90 млрд теңгенің активін мемлекетке өз еркімен қайтарған. Оның ішінде мұнай кен орны, газ тарату компаниясы, қонақ үй, кеңсе ғимараттары, фитнес орталықтары және сауда ойын-сауық кешендері бар. Сөйтіп, бостандыққа шығып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға