Жаңалықтар

Қосымша құн салығы өсе ме? Ұлттық экономика министрі жауап берді

Қосымша құн салығы өсе ме? Ұлттық экономика министрі жауап берді
Фото: © El.kz 07.02.2024 12:41 3597

Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономикалық айналымға түсетін зейнетақы активтерін тек нарық талаптарына сай қолдану керек екенін атап өтті. Баспасөз брифингінде ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтан журналистер бұл мәселеге қатысты ойын білді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Байбазаровтың айтуынша, қазір Ұлттық банк қордың басқарушысы ретінде сол қордың инвестициялық бағытын айқындайды.

Министр 1-1,5 триллион қаржыны қордан алып, Мемлекет басшысы айтқандай, экономиканы және өңдеуші өнеркәсіптерді дамытуға жұмсау жоспарда барын айтты.

Президент кеңейтілген отырыста Қазақстанда түпкі мәні өзгеріп кеткен қосылған құн салығының өзін реформалау қажет екенін айтып, оны 12 пайыздан 16 пайызға дейін көтеру мәселені шешпейтінін тілге тиек етті. Осыған қатысты журналистер ұлттық экономика министрінен қосымша құн салығы қалай төленетінін сұрады.

Қосымша құн салығының қазіргі таңда өсетіні туралы әңгіме жоқ. Біз оны қарастырып жатырмыз. Мемлекет басшының қатысуымен өткен отырыста бізге тапсырма берілді. Оны біз қайтадан қарастырып, қосымша құнға салынатын салықтың механизмін қайта қарастыратын боламыз, – деді ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров.

Еске сала кетейік, күні кеше ұлттық экономика министрі болып Нұрлан Байбазаров тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға