Қостанайлық құтқарушылар өрт кезінде газ баллондарының жарылуын болдырмады
04.06.2025 00:34
Фото:
Бейнежазбадан скриншот
Қостанай облысында Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылында шаруашылық құрылыстан өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына жедел түрде өрт сөндіру жасақтары дер кезінде жетті. Жанып жатқан нысанның маңында тұрғын үй мен өзге де ғимараттар орналасқан болатын. Құтқарушылардың шапшаң әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында жалынның одан әрі таралуына жол берілмеді.
Өрт сөндіру барысында №21 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері құрылыс ішінен төрт газ баллонын анықтады. Жарылыс қаупі туындағанына қарамастан, құтқарушылар оларды жедел түрде қауіпсіз аймаққа шығарды, - деп жазылған министрлік хабарламасында.
Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның шығу себептері анықталып жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

