Жаңалықтар

Қостанайлық құтқарушы гір спорты бойынша әлем чемпионы атанды

Қостанайлық құтқарушы гір спорты бойынша әлем чемпионы атанды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 14.10.2024 05:22 554

Қостанайлық құтқарушы Дмитрий Балацко Грецияның Корфу қаласында өтіп жатқан гір спорты бойынша әлем чемпионатында чемпион атанды. Отандасымыз қалалық №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі болып еңбек етеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

30-дан астам елдің өкілдері чемпиондыққа таласқан беделді жарыста құтқарушы екі дисциплинада медаль жеңіп алып, өзінің жоғары дайындығы мен шеберлігін көрсетті.

Облыстық ТЖД мәліметінше, «Жұлқа көтеру» дисциплинасында жерлесіміз өз салмақ дәрежесінде чемпион атанып, 32 кг салмақты гирді 184 рет көтерді. Бұл нәтиже оған тұғырдың ең биік сатысына көтерілуге мүмкіндік берді және оның чемпионаттың ең мықты қатысушыларының бірі екендігін растады. Сонымен қатар құтқарушы Дмитрий Балацко «Екі қолмен ұзақ цикл» дисциплинасында 61 көтерумен екінші орынға ие болып, күміс медаль жеңіп алды.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға